Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде көш бастап тұр

Фото: ©instagram.com/meiirim.nursultanov

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа басты үміткерлердің бірі.

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингінде Мейірім орта салмақтағы әлемнің үздік боксшылары тізімінде бірінші орнын сақтап қалды. Ал бұл салмақтағы чемпиондық белбеу доминикандық боксшы Карлос Адамеске тиесілі.

Айта кетерлігі, Нұрсұлтанов – WBC рейтингінің топ-15 тізіміндегі Қазақстаннан жалғыз боксшы.

Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет 2023 жылдың қараша айында шаршы алаңға шығып, Ташкентте (Өзбекстан) чилилік Хулио Аламосты жеңген еді.

32 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабында 20 жеңіс (оның 11-і нокаутпен) және бірде-бір жеңіліс жоқ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Белгілі кәсіпкер Азия чемпионы Азамат Дәулетбековке көлік сыйлады

Redaktor

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті қызметіне өз бағдарламасын ұсынды

Redaktor

Қазақстан құрамасы толық ораза ұстап жүр — бас бапкер

Redaktor