Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Бақбергеновалардың бапкері ұлттық құраманы жаттықтырады

© Фото: Instagram/zhamila.bakbergenova

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұрсұлтан Теміров тағайындалды.

Нұрсұлтан Теміров Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар ESIL University оқу орнында мемлекеттік басқару саласы бойынша магистр дәрежесін алған.

Нұрсұлтан Теміров – «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы». 2022 жылы ол ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан «Жылдың үздік жаттықтырушысы» атанды.

Оның жетекшілігімен халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп жүрген бірқатар спортшылар тәрбиеленді. Олардың қатарында әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегерлері Жәмилә және Мадина Бақбергеновалар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының финалына шыға алмады

Redaktor

Ерасыл Қажыбаевқа Grand Slam-да қола жүлде бұйырды

Redaktor

Қуат «Найман» Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

Redaktor