Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Нұрәлі Әліп шаш еккізгенін айтты

"Зенит" ФК

Қазақстан ұлттық құрамасының және Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұрәлі Әліп клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында қысқы демалысының және маусымаралық үзілісті қалай өткізгенін айтып берді.

Футболшының айтуынша, биылғы демалыс ол үшін оңай болмаған.

Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймын! Демалыс биыл сәл ауырлау өтті. Жыл соңында, соңғы матчтардың бірінде жарақат алдым. Сонымен қатар шаш егу туралы шешім қабылдадым. Ота Алматыда, түрік клиникасында жасалды. Жарақатқа байланысты жаттығуды ертерек бастауға тура келді, себебі қалпына келу кезеңінен өту қажет болды. Ашық айтсам, толыққанды демалып үлгермедім. Алда маусымның жаңа кезеңі тұрғандықтан, дайындыққа басымдық бердім. Оқу-жаттығу жиындары кезінде ем қабылдап жүрмеу үшін бірден жұмысқа кірістім. Жалпы, бәрі қалыпты, – деді Әліп.

Сондай-ақ ол шаш егу процедурасы туралы да пікір білдірді.

Қорытынды нәтиже жайлы айтуға әлі ерте, ол шамамен алты айдан кейін белгілі болады. Процедураның өзі қалыпты өтті, бірақ өте ұзаққа созылды: таңғы тоғызда басталып, кешкі алтыда аяқталды. Қатты ауырсыну болған жоқ, тек жансыздандыратын ине салған сәтте аздап жайсыздық сезіледі. Қазірше нақты кеңес бере алмаймын, кем дегенде үш-төрт ай өтуі керек, – деп түсіндірді қорғаушы.

Айта кетейік, Нұрәлі Әліп «Зенит» сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2024 жылдың жазында футболшы ресейлік клубпен келісімшартын 2028 жылғы 30 маусымға дейін ұзартты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді

Redaktor

«Бәрі бітті дегенде…»: Қанат Ислам рингке оралатынын мәлімдеді

Redaktor

«Томирис» жақында сәбилі болмақ». Актриса Альмира Тұрсын жүкті екенін жариялады

Redaktor