Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтарХоккей

«Барыс» «Автомобилисттен» овертаймда опық жеді

"Барыс" ХК

Елорданың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізді.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын көрсетті. Бірінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде бір-бір шайба енгізді. Шешуші кезеңде де тең есеп сақталды. Негізгі кезең 1:1 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік команда жеңіс шайбасын соғып кетті.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберіп, қатарынан төртінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

«Автомобилист» (Екатеринбург) — «Барыс» (Астана) 2:1 (0:0, 1:1, 0:0)

1:0 — Да Коста (Голышев, Буше) — 30:01

1:1 — Томпсон (Масси, Веккьоне) — 36:46

2:1 — Бусыгин (Да Коста, Горбунов) — 62:30

Қақпашылар: Аликин — Бояркин

 

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 15 қаңтарда Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдаса, 17 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу) клубымен шеберлік байқасады.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстан 300 мың доллар беретін әлем чемпионатына мықтыларын қатыстырады

Redaktor

2026 жылғы «Алтын допқа» үміткерлер тізімі жарияланды: Месси бар, Роналду жоқ

Redaktor

АТР: қазақстандық теннисшілердің рейтингі анықталды

Redaktor