Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Махмұд және Төрехан Сабырхан тойдан кейін сыйлық жасады

instagram.com/sabyrkhantorekhan

Қазақстандық танымал боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан «Харекет» қайырымдылық қорының атынан мұқтаж отбасына пәтер кілтін табыстады.

Бұл туралы қордың Instagram парақшасында хабарланды.

«Сүйінші, қазақ елі! 1511-баспана 6 балалы ана Тоғжан ханымның отбасына табысталды. Баспана құтты болсын!», – делінген жазбада.

Пәтер кілтін салтанатты түрде Махмұд Сабырхан мен туған інісі Төрехан Сабырхан табыстаған.

Айта кетейік, екі дүркін әлем чемпионы жуырда екінші рет үйленген болатын. Қалыңдығының есімі – Айғаным Ержігітова. Бұған дейін спортшы Назым Мырзағалиқызына үйленіп, одан бір ұлы бар.

Ұқсас жаңалықтар

«Ақтөбе» мен «Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Өзбекстанда үздік футболшы атанды

Redaktor

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирдің қола жүлдегерлері атанды

Redaktor

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қалай және қайда өтеді

Redaktor