Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Ресей спорт министрі Елена Рыбакина, Александр Бубликке Ресейге кіруге шектеу қоюды ұсынды

ҚТФ

Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтярев шетелдік спорттық азаматтыққа өткен бұрынғы ресейлік спортшыларға қатысты шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол «Центральный канал» бағдарламасында айтты.

Министрдің айтуынша, мемлекет спортшыларды дайындап, инфрақұрылыммен және жаттықтырушылармен қамтамасыз етеді, алайда кейбірі кейін басқа елдің атынан өнер көрсету үшін азаматтығын ауыстырады.

Біз оларды осында дайындаймыз, барлық жағдай жасаймыз, ал кейін олар кетіп қалады. Мұндай спортшыларды елге кіргізбеу және біздің спорт нысандарын пайдалануға тыйым салу мәселесін қарастыру қажет. Біз осыған қарай келе жатырмыз, – деді Дегтярев.

Сондай-ақ ол азаматтығын ауыстырған спортшыларға қатысты талаптарды күшейтетін бұйрыққа қол қойғанын айтты. Министрдің сөзінше, мұндай жағдайлардың бірінде шахматшы гроссмейстер атағынан айырылған.

Айта кетейік, Ресейден кеткен бірқатар спортшылар қазір Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатысып жүр. Олардың қатарында әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина, ATP рейтингінің алғашқы ондығына кіретін Александр Бублик, мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина және өзге де спортшылар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан U-16 құрамасы UEFA Даму кубогын жеңіспен бастады

Redaktor

Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы қарсыласымен қайта жұдырықтасады

Redaktor

«Астана» жеңіліп, «Қайраттың» чемпион болуына жол ашты

Redaktor