Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Олимпиада финалына шықты

Тұрар Қазанғапов

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңі аяқталды.

Қосымша іріктеу нәтижесінде қазақстандық спортшылар өз көрсеткіштерін жақсартып, финалға жолдама алды.

Юлия Галышева 73,08 ұпай жинап, кезеңді бесінші орынмен аяқтады. Анастасия Городко 71,52 ұпаймен жетінші сатыға көтерілді.

Ал финалдың соңғы жолдамасын Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Аяулым Әміренова жеңіп алды. Ол 68,98 ұпай жинап, екінші мүмкіндікте 10-орынға тұрақтады. Ережеге сәйкес, екінші іріктеуден финалға үздік он спортшы өтеді.

Осылайша, Қазақстан атынан үш спортшы Олимпиада-2026 жүлделері үшін сынға түседі.

Фристайл-могулдан финалдық жарыс бүгін Астана уақытымен сағат 18:15-те басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Геннадий Головкин мансабында қанша табыс тапқаны белгілі болды

Redaktor

Абылайхан Жұбаназар Парижде жүлдегер атанды

Redaktor

Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс құрамасына қызметке тағайындалды

Redaktor