Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Қайрат» — Қазақстан чемпионы атанды

Қазақстан премьер-лигасының соңғы турында чемпион анықталды. Негізгі талас Астана мен Алматы клубтарының арасында болды.

Соңғы турда алматылықтардың чемпион атануы тек өздеріне байланысты болса, «Астана» «Тобылдан» жеңіліп, жағдайын күрделендіріп алды.

Бірінші таймнан соң «Астана» көш басында тұрғанымен, «Қайрат» «Атырауды» жеңіп, осымен төртінші рет Қазақстан чемпионы атанды — 1992, 2004, 2020, 2024.

«Астана» Алматыда Талдықорғанның «Жетісу» клубымен кездесіп, тас-талқан етіп ұтты — 5:0. Осылайша, 46 ұпаймен екінші орынға ие болды.
«АТЫРАУ» — «ҚАЙРАТ»
Георгий Зария — пенальти (0:1)
«АСТАНА» — «ЖЕТІСУ»
7′ Джеффри Чинеду (1:0)
18′ Назми Грипши — пенальти (2:0)
25′ Марин Томасов (3:0)
31′ Джеффри Чинеду (4:0)
40′ Карло Бартолец (5:0)
Ал ҚПЛ-ның күміс жүлдегері атағы «Ақтөбеге» бұйырды, бұған дейін олар Қазақстан кубогында жеңіске жеткен. Одан бөлек «Ордабасы» төртінші орын иеленіп, еурокубокқа жолдама алды.
2025 жылғы жазда «Қайрат» Чемпиондар лигасында ойнаса, «Астана», «Ақтөбе» мен «Ордабасы Конференция лигасында бақ сынайды.
Ал «Шахтер» өз тарихында тұңғыш рет ҚПЛ-дан шығып қалды. Есесіне
«Оқжетпес» пен «Ұлытау» жоғары лигада өнер көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Хорватиядағы турнирде топ жарды

Redaktor

Милан-2026: Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті

Redaktor

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы IBA әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

Redaktor