Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Қайрат» футболшылары Лондонға жетті

Фото: «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі

Қазақстандық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі сегізінші турындағы Англияның «Арсенал» командасымен өтетін матчқа қатысу үшін Лондон қаласына жетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматылық футболшылар бүгін Лондондағы «Эмирейтс» стадионында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Кездесу 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні өтіп, Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.

Жеті турдың қорытындысы бойынша «Қайраттың» небәрі бір ғана ұпайы бар. Команда турнир кестесінің соңғы, 36-орнында тұр. Алдағы матчта алматылық клуб сапында Дастан Сәтпаев, Азамат Тұяқбаев және Олжас Байбек алаңға шыға алмайды.

Осыған дейін негізгі кезеңде «Қайрат» Португалияның «Спортингінен» 1:4, Испанияның «Реал Мадридінен» 0:5, Италияның «Интерінен» 1:2, Грекияның «Олимпиакосынан» 0:1, Данияның «Копенгагенінен» 2:3, Бельгияның «Брюггесінен» 1:4 есебімен жеңіліп, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең ойнады.

Ал «Арсенал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде сенімді ойын өрнегін көрсетіп келеді. Лондондық клуб жеті матчтың бәрінде жеңіске жетіп, 21 ұпаймен турнир кестесінің көш басында тұр.

Бұл матчқа алаң иелері Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі абсолютті көшбасшы ретінде келіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Александр Бублик Индиан-Уэллс турнирінен шығып қалды

Redaktor

Тимур Құлыбаев Таразға футбол академиясын салуды бастады

Redaktor

UFC-дің экс-чемпионы блогермен бокс жекпе-жегінде кездесті

Redaktor