Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Тимур Құлыбаев Таразға футбол академиясын салуды бастады

Фото: ҚФФ

22 қарашада Жамбыл облысы Тараз қаласында жаңа футбол академиясының іргетасын қалау салтанаты өтті. Жаңа футбол академиясы Тараз қаласында орналасады. Аталған жоба ҚФФ-ның Жамбыл облысы әкімдігі мен Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры арасындағы үшжақты меморандум аясында іске асырып жатыр.

Жамбыл облысында бой көтеретін заманауи академияда еліміздің әр өңірінен іріктелген 100 талантты футболшы тәрбиеленеді. Меморандум аясында Halyk қоры 3,5 млрд теңге инвестиция құйып, нысанды жобалаудан бастап толық іске қосылғанға дейінгі барлық кезеңді жүзеге асырады.

Тараптар жобаны бірлесе іске асыру үшін ортақ жол картасы әзірленеді. Академияның жобалық шешімдері мен техникалық-экономикалық зерттеулер Қазақстан футбол федерациясы дайындаған техникалық тапсырма негізінде жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

5 млн теңге: Абиба Әбужақынова қалың малы қанша екенін айтты

Redaktor

Ағайынды Оралбай мен Төрехандардың жекпе-жектерін қайдан көруге болады

Redaktor

Александр Бублик «Уимблдон» турнирінің келесі кезеңіне өтті

Redaktor