Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Прокуратура Жетісайдағы өрттен қаза тапқандардың тізімін жариялады

Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылында 18 қараша күні болған алапат өртке қатысты жаңа мәлімет жарияланды. Прокуратура қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың тізімін ресми түрде ұсынды.

Екі қабатты, аумағы 360 шаршы метр болатын тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 12 адам көз жұмды, олардың тоғызы – бала. Алдын ала дерекке сәйкес, отбасы өрт болған түні сүндет тойдан кейін үйге жиналған.

Қаза болғандар туралы мәлімет

Қаза тапқан балалар – 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019, 2021 жылдары туған. Ең кішісі – 2024 жылы дүниеге келген сәби.

Бес бала – бір отбасының үш қызы мен екі ұлы. Екінші отбасынан 2018 жылы туған бір ғана қыз тірі қалған.

Ресми тізім

Оқиға орнында қаза тапқандар (12 адам):

  1. 15.10.1991 – Шойбеков Дауренбек Талғатбекұлы (үй иесі)
  2. 10.01.1994 – Амантұрдыева Динара Қадірбекқызы (жұбайы)
  3. 17.12.2015 – Талғатбек Асия Дауренбекқызы
  4. 22.07.2017 – Талғатбек Дана Дауренбекқызы
  5. 19.02.2021 – Талғатбек Алихан Дауренбекұлы
  6. 19.02.2021 – Талғатбек Амирхан Дауренбекұлы
  7. 18.03.2019 – Талғатбек Алуа Дауренбекқызы
  8. 08.01.1990 – Өмірзахова Маржан Әлдиярқызы
  9. 16.01.2009 – Талғатбек Жансая Олжасқызы
  10. 06.12.2010 – Талғатбек Ассабүр Олжасбекұлы
  11. 05.09.2012 – Талғатбек Мұхит Олжасбекұлы
  12. 20.03.2024 – Талғатбек Раяна Олжасбекқызы

Зардап шеккендер (3 адам):

  1. 22.06.1964 – Төреғелдиева Гүлжамилә Сейдахановна
  2. 02.08.1986 – Шойбеков Олжасбек Талғатбекұлы
  3. 05.05.2018 – Талғатбек Жасмин Олжасбекқызы (аурухананың жан сақтау бөлімінде)

Дәрігерлер аман қалған үш адамның өмірі үшін күресіп жатыр.

Ресми мәлімдеме

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, зардап шеккендердің бірі есін жиған:

«Үшеуі бір отбасының мүшелері. Жағдайлары тұрақты, бірақ реанимацияда жатыр. Қажет болса, санитарлық авиациямен Астанаға жеткізуге әзірміз», – деді ол.

Әкімдік қаза тапқандардың туыстарына қаржылай көмек көрсетіп, психологиялық қолдау ұйымдастырып жатыр.

Өрттің нақты себебі тергеу аяқталған соң жарияланатын болады. Қылмыстық іс «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Амилай қысым көргенін айтып, Қазақстаннан кеткенін мәлімдеді

Redaktor

«Біреу бірдеңе тығып ала ма деп қорықтық». Дариға Бадықова күзетпен жүруін түсіндірді

Redaktor

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің соңғы хаттарын жариялады

Redaktor

Пікір жазу