Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Ержет Жарлықасын әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Грек-рим күресінің шебері Ержет Жарлықасын Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Отандасымыз 63 кг дейінгі салмақтың финалында Еуропа чемпионы Нихад Захид Мамедлиге (Әзірбайжан) жол берді. Есеп: 1-6.

Ержет — егемендік алған жылдан бері грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалында күрескен тоғызыншы қазақ палуаны.
Грекия астанасы Афиныда 1999 жылғы чемпионатта Мхитар Манукян (63 кг) алтыннан алқа таққан. Осы аралықта Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадыраев, Қорлан Жақанша, Ержет Жарлықасын сынды бозкілем шеберлеріміз финалға шыққанымен, әзірге бас жүлде бұйырмай келеді.

Айта кетейік, биыл көктемде Бішкекте осы салмақта Азия чемпионы атанған Ержет Жарлықасын кеше іріктеуде Польша және Франция өкілінің, ал жартылай финалда Садық Лалаевтың (Бейтарап спортшы) жауырынын жерге тигізген.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамымен жаттығуға қосылды

Redaktor

Дастан Сәтпаев «Қайраттың» Абу-Дабидегі алғашқы жиынына қатыспайды

Redaktor

Көп легионер әкелсе 40 млн теңге төлейді

Redaktor