Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Үлкендердің қолынан келмегенді істеді». 15 жасқа дейінгі құрама Өзбекстанды жеңді

Фото: Kff.kz

Футболдан Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде өзбекстандық құрдастарын сенімді түрде жеңді.

Талғардағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткен матч 2:0 есебімен аяқталды.


Екінші таймдағы шабуылдар жеңіс әкелді

Кездесудің бірінші бөлігі тең дәрежеде өтті. Ал екінші таймда қазақстандықтар ойынның қарқынын арттырып, екі мәрте нәтижелі соққы жасады.
Алдымен Қайсар Әнуарбек есепті ашса, көп ұзамай Бекнұр Нұрлан айырманы еселей түсті.

Осылайша жас футболшылар жеңіске жетіп, өздерінің дайындық деңгейін жоғары екендігін көрсетті.


Алда — халықаралық турнирлер

Бұл жеңіс Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы үшін маңызды тәжірибе болды. Команда енді алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты жалғастырады.


Айта кетейік

Бүгін, 13 қазан күні, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.
Кездесу сағат 23:45-де басталып, оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ойынның бас төрешісі — испаниялық Хуан Мартинес, оған Диего Барберо мен Иван Массо көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Алехандро Муньис Руис атқарады.

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлына допинг тест тапсыруды міндеттеді

Redaktor

Валентина Хальзова Олимпиаданың іріктеу кезеңін сәтті бастады

admin_beksports

Көшпенділер ойыны еліміз үшін үлкен имидждік жоба болмақ — Дулат Тастекей

Redaktor

Пікір жазу