Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды

Фото: instagram/f.c.kairat

Биылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Олардың арасында бокстан әлем чемпионы Аида Әбікеева мен футболшы Дастан Сәтпаев бар.

Жалпы биыл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссияда қаралды. Байқау жеңімпаздары келесі бағыттар бойынша таңдалды:

• Ғылым – 64 үміткер,
• Дизайн және бейнелеу өнері – 19,
• Спорт – 27,
• Театр және кино – 41,
• Эстрада – 13,
• Журналистика – 16,
• Халық шығармашылығы – 41,
• Қоғамдық қызмет – 31,
• Әдебиет – 15,
• Классикалық музыка – 27 үміткер.

Комиссия құрамында 37 мүше болды. Олардың қатарында депутаттар, қоғам қайраткерлері, мәдениет және спорт саласының өкілдері бар.

«Спорт» аталымында екі жеңімпаз анықталды:
• Аида Әбікеева – әйелдер арасында бокстан екі дүркін әлем чемпионы;
• Дастан Сәтпаев – «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы, ел чемпионы.
Аида Әбікеева 2025 жылы Англияда өткен World Boxing әлем чемпионатында жеңіске жетіп, үздік атағын қорғап қалды.

Ал 17 жастағы Дастан Сәтпаев биылғы маусымда «Қайраттың» үздік сұрмергені атанып, командасын Қазақстан чемпионы етуге үлкен үлес қосты. Ол сондай-ақ клубтың Чемпиондар лигасындағы жетістіктерінде де маңызды рөл атқарды.

Мемлекеттік «Дарын» сыйлығы жыл сайын 35 жасқа дейінгі азаматтарға ғылым, мәдениет, спорт және қоғамдық қызмет салаларындағы ерекше жетістіктері үшін табысталады.

2008 жылы туған жас ойыншы кәсіби мансабын «Қайрат-Жастар» командасынан бастаған. 2025 жылдың ақпанында алматылық клуб оның ағылшынның «Челси» клубына 4 миллион еуроға ауысатынын хабарлаған еді. Дастан 2026 жылдың тамызында, 18 жасқа толған соң, ресми түрде Лондон командасына қосылады.

Жақында өткен «Қызылжармен» ойында ол жеңіс голын соғып, оны марқұм клуб түлегі Диас Төлеуге арнаған болатын. Бұл сәт жас спортшының жанкүйерлер жүрегінен ерекше орын алуына себеп болды.

Ұқсас жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары UNESCO қолдауымен өтеді

Redaktor

Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлының ұсынысынан кейін жекпе-жекке дайын екенін айтты

Redaktor

Әділбек Мусин Париж олимпиадасына жолдама алды

Redaktor

Пікір жазу