Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Олимпиадаға қатысу ойымда болды»: Бекзат Нұрдәулетов әуесқой бокстан неге кеткенін айтты

Скриншот

Бокстан әлем кубогінің жеңімпазы, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов әуесқой бокстағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Спортшының айтуынша, бұл шешім жарақатына байланысты қабылданған.

Жарақатыма байланысты әуесқой бокстағы мансабымды тоқтатуға бел будым. Бұл шешімді дәрігерлермен, бапкерлеріммен және отбасыммен ақылдаса отырып қабылдадым. Әрине, Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысу ойымда болды. Бірақ бәрінің өз уақыты бар, — деді Нұрдәулетов.

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов жақында Маңғыстау облыстық мамандандырылған спорт мекемесінің директоры болып тағайындалған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Елена Рыбакина беделді турнирге жолдама алды

Redaktor

Еркебұлан Сейдахметке қызық ұсыныс түсті

Redaktor

Елдос Сметов жерлестері сыйлаған көлікті алғашқы бапкеріне тарту етті

Redaktor