Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Қайрат» – «Брюгге» матчын қайдан көруге болады

Фото: "Қайрат" ФК

Бүгін Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-тур аясында Бельгияның «Брюгге» командасымен кездеседі.

Кездесу елорда уақытымен 20:30-да басталып, «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ ойынды арнаның ресми сайтынан онлайн тамашалауға болады.

Қызықты статистикалық деректер (ФНК):

«Қайрат» бұған дейін Бельгия клубтарымен кездесіп көрмеген;

«Брюгге» Қазақстан командаларымен алғаш рет ойнайды;

Бұл матч «Брюгге» үшін Чемпиондар лигасындағы 150-ойын болмақ;

«Қайрат» еурокубоктардың жалпы кезеңіндегі соңғы 12 матчта жеңіске жете алған жоқ;

«Брюггенің» Чемпиондар лигасындағы соңғы бес ойынында төрт тең ойын және бір жеңіліс тіркелген;

Бельгиялық клуб биылғы маусымда Чемпиондар лигасындағы барлық үш сырт алаңдағы матчта жеңілген.

Алты тур қорытындысы бойынша «Қайрат» 1 ұпаймен жалпы кезең кестесінде 36-орында тұр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шерхан Қалмырза пенальти қайтарған матчта Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды

Redaktor

«Футбол қатал спорт»: Ферапонтов «Қайсар» неге жеңе алмай жүргенін айтты

Redaktor

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды

Redaktor