Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Төрехан Сабырхан Испанияда қарсыластарын бірінен соң бірін жеңіп жатыр

ФОТО: KBF

Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турниріндегі екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Сабырхан бұл жолы 1/8 финалда Дания өкілі Коуц (Кук) Майуммен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы толық басымдық танытып, қарсыласына мүмкіндік бермеді.

Нәтижесінде төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен (5:0) Торехан Сабырхан жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Сабырхан алғашқы кездесуінде Кабо-Верде спортшысы Аилтон Монтейроны да 5:0 есебімен жеңген болатын.

Еске салсақ, Төрехан Сабырхан – World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында төрт дүркін Азия чемпионы атанған.

Boxam Elite-2026 турнирі 7-8 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы бұл жарыста алғаш рет жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігімен өнер көрсетіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық десантшы-жауынгер әлем чемпионы атанды

Redaktor

«Қайрат» ҚПЛ-дегі көшбасшылығын сақтап қалды

Redaktor

Азия чемпионаты: 5 сәуірде Қазақстан — Өзбекстан боксшылары рингте жолығады

Redaktor