Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабек «Атырау» клубының ойыншысы атанды.
Ол бұған дейін «Тараз», «Ақтөбе», «Жетісу», «Тұран» және «Ордабасы» командаларында ойнаған. Қазақстан Премьер-лигасында 109 матч өткізген.
2025 жылғы маусымды «Тұранда» бастап (1 гол, 2 ассист), кейін қаржылық мәселелерге байланысты «Ордабасыға» ауысқан. Алайда шымкенттік клубта жарты маусымда 399 минут қана алаңға шығып, 1 нәтижелі пас берген.
Қазақстан құрамасы сапында 2 матч өткізген.
