Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Президент Михаил Шайдоровты марапаттады

Ақорда

Ақорда резиденциясында ХХV қысқы Олимпиаданың жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті.  

Президент XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урмановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

«Құрмет» ордені Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Әсем Қасановаға, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы Станислав Шайдоровқа, Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералыға табысталды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Хоккей: Қазақстан құрамасы өз айдынында Оңтүстік Кореядан ұтылды

Redaktor

Қазақстан футбол федерациясының президенті сайланды

Redaktor

Қазақстандық жас хоккейшілер әлем чемпионатында бір матчта 14 шайба соқты

Redaktor