Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Александр Бублик Индиан-Уэллс турнирінен шығып қалды

ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Indian Wells Open турнирінің төртінші айналымына шыға алмады.

Жарыстың 10-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемдік рейтингіде 117-орында тұрған, іріктеу кезеңінен өткен аустралиялық Ринки Хидзикатамен кездесті.

Бірінші партияда тай-брейкте Бублик басым түсті – 7:6 (7:3). Алайда одан кейін Хидзиката камбэк жасап, келесі сеттерді 7:6 (7:3), 6:3 есебімен өз пайдасына шешті.

Екі сағат 36 минутқа созылған тартысты матчта Бублик 19 эйс орындады. Ал Хидзиката 8 эйс жасап, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Енді Ринки Хидзиката ширек финалға шығу үшін әлемнің 29-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэмерон Норримен кездеседі.

Осылайша, Indian Wells Open турнирінде Қазақстан атынан әйелдер арасында Елена Рыбакина және жұптық сында Анна Данилина ғана жарысты жалғастырып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдының қайын атасы Түркияда жүр

Redaktor

Қарағандыда Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрды

Redaktor

«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Абу-Дабиде өткізеді

Redaktor