Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина екі апта ішінде Соболенкодан екі рет жеңілді

ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өткен беделді WTA 1000 – Miami Open додасындағы өнерін аяқтады. Финал жолдамасы сарапқа салынған тартысты бәсекеде отандасымыз Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

Әлемдік теннис көшбасшыларының текетіресі күтілгендей жоғары деңгейдегі қарқынмен өтті. Алғашқы партияда қос спортшы да жойқын соққылар мен шабуыл шебіндегі агрессивті тактикаға басымдық берді. Еленаның табанды қарсылығы мен басымдықты иеленуге тырысқан талпыныстарына қарамастан, сет соңында қарсыласы жинақылық танытып, есепті өз пайдасына шешті – 6:4.

Екінші кезеңде де Соболенко басымдығын нығайта түсіп, отандасымызға ойын ағымын өзгертуге мүмкіндік бермеді – 6:3.

Бұл теннисистердің өзара өткізген 17-ші кездесуі болды. Енді жеке текетірес есебі Соболенконың пайдасына 10:7 болып тұр. Miami Open титулы сарапқа салынатын шешуші матчта ол әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездеседі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ат спортынан елорда төрінде дәстүрлі қалалық жарыс басталды

Redaktor

Әли Әлиев: 20 миллион халық тұрғанда ақша маңызды емес

Redaktor

Александр Заруцкий «Қайраттан» кетті

Redaktor