Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарХоккей

«Барыс» рейтингте өзінен кейін тұрған командадан оңбай жеңілді

Барыс ХК

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордада Ресейдің «Адмирал» командасымен шеберлік байқасып, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Алғашқы кезеңде қос команда бір-бір шайбадан соқса, екінші кезеңде қонақтар екі рет дәл соққы жасады. Ал үшінші бөлікте тағы үш шайба енгізді. Айдын иелері бұл кезеңде бір шайбамен ғана жауап қатты.

Кездесуде елордалық клуб сапынан Томпсон мен Әсетов мергендік танытқанын айта кеткен жөн.

Осылайша, «Барыс» өз айдынында ірі есеппен жеңіліс тапты.

Келесі ойынын қазақстандық команда 20 наурызда сырт алаңда Ресейдің «Сибирь» клубына қарсы өткізеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Нұржан Насанов: Сенімді ақтамаған боксшылар бар

Redaktor

Мұрат Тілешев «Ертіс» клубына директор болды

Redaktor

Данияр Елеусіновтің рингке оралу күні белгілі болды

Redaktor