«Қайрат» футбол клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев қақпашы Темірлан Анарбековтің Еуропа клубына ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
Анарбековке бірнеше ұсыныс түсті, алайда олардың ешқайсысы клубымыздың амбициясына сай емес. Біз тек ресми ұсыныстарды қарастырамыз. Егер қандай да бір клуб ресми ұсыныс жасаса, оны міндетті түрде қараймыз. Біз үшін Темірланның мықты чемпионатқа, деңгейі жоғары клубқа ауысуы маңызды, – деді Боранбаев.
Айта кетейік, 2025 жылы Темірлан Анарбеков Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасап, екі матч өткізген. Сондай-ақ «Қайрат» сапында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде сенімді өнер көрсеткен.
