Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Өзбек боксшылары Қазақстанның ең үздік боксшыларын атады

Өзбекстан ҰОК

Өзбекстанда өтіп жатқан Қазақстан және Өзбекстан құрамаларының бірлескен оқу-жаттығу жиыны аясында Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі шағын сауалнама жүргізіп, екі елдің үздік боксшыларын анықтауға тырысты.

Сауалнама барысында қазақстандық боксшылар Махмұд Сабырхан, Сәкен Бибосынов, Ертуған Зейнуллинов және Орзбек Асылқұлов өзбек тарапынан Хасанбай Дусматов пен Баходир Жалоловты үздік деп атады.

Ал өзбек боксшыларының көпшілігі Қазақстан құрамасынан Махмұд Сабырханды ерекше атап өтіп, оны еліміздің қазіргі таңда ең мықты боксшысы деп санайтынын айтты. Сонымен қатар Сәкен Бибосынов пен Нұрбек Оралбай есімдері де аталды.

Өзбекстан құрамасының мүшесі Асадхужа Муйдинхужаев ешкімнің есімін нақты атамай, бұл сұраққа ойланып жауап беру керек екенін жеткізді. Дегенмен пікір алаңында отандық жанкүйерлер Асадхужа үшін Асланбек Шымбергенов екенін жазып жатыр.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Милан-2026: Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті

Redaktor

Елена Рыбакина аутсайдер теннисшіден жеңілді

Redaktor

Магомед Адиев: «Крылья Советовқа» бару – мансабымдағы ең дұрыс шешім болмады

Redaktor