Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Криштиану Роналду 1000 голына тағы бір қадам жақындады

Фото Global Look Press

Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатындағы нәтижелі ойынын жалғастырып, кәсіби мансабындағы 959-голын соқты. Ол Сауд Про-лигасының 15-туры аясында «Әл-Хиляльге» қарсы өткен матчта мергендік танытты.

Португалиялық шабуылшының «Әл-Насрмен» келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін жарамды. Биыл ақпанда 41 жасқа толатынына қарамастан, Роналду әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді.

Чемпиондық тартыс тұрғысынан маңызды болған ойында алғашқы тайм «Әл-Насрдың» пайдасына өтті. 42-минутта Роналду қайтқан допты бос қақпаға бағыттап, есеп ашты.

Алайда екінші таймда ойын тағдыры өзгерді. Алдымен Салем әл-Досари пенальтиден есепті теңестірсе, артынша «Әл-Наср» қақпашысы Науаф әл-Акиди алаңнан қуылды. Сан басымдығын тиімді пайдаланған «Әл-Хиляль» 81-минутта Мохаммед Канноның, ал қосымша уақытта Рубен Невештің пенальтиден соққан голдарының арқасында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс «Әл-Хиляльге» турнир кестесінде «Әл-Насрдан» 7 ұпайға алға шығуға мүмкіндік берді. Ал «Әл-Наср» қатарынан төртінші матчта жеңіске жете алмай, үшінші орынға сырғу қаупіне тап болды.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін әлем кубогында қазақстандық қай боксшылар рингке шығады?

Redaktor

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінде тарихи нәтиже тіркеді

Redaktor

Сүйінші! Қазақстандық спортшы әлем чемпионатынан тарихи медаль жеңіп алды

Redaktor