Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Ибрагимовичпен «Миланда» бірге ойнаған футболшы енді Қазақстанда доп тебеді

Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Меркель мансабында тұңғыш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетпек. Бұл туралы AmanVIBE.kz хабарлады.

Футболшы елордалық «Жеңіс» футбол клубының оқу-жаттығу жиындарына қосылып, командамен алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерген.

Александр Меркель қазақстандық жанкүйерлерге ұлттық құрамадағы ойынымен жақсы таныс. Ол 2015 жылы Қазақстан құрамасына алғаш рет шақырту алып, Исландияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. Төрт жылдан кейін жартылай қорғаушы ұлттық командаға қайта оралып, Шотландия және Ресей құрамаларына қарсы матчтарға қатысты. Алайда құжат мәселелеріне байланысты оның ұлттық құрамадағы мансабы жалғасын таппады.

Клубтық мансабында Меркель бірқатар әйгілі командалардың сапында доп тепті. Атап айтқанда, Италияның «Милан», «Дженоа», «Удинезе «клубтарында, Англияның «Уотфорд» командасында, Швейцарияның «Грассхоппер»с сапында, сондай-ақ Германия, Сауд Арабиясы, Түркия, Нидерланд және Австрия чемпионаттарында өнер көрсетті. Футболшының соңғы клубы – Дубайдың «Легентус» командасы.

Александр Меркель Алматы облысына қарасты Есік қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Кеңес өкіметі кезеңінде алматылық «Қайрат» футбол клубының намысын қорғаған. 1998 жылы отбасы тарихи отаны Германияға қоныс аударып, Александр сол елде «Штутгарт» футбол академиясында тәлім алды. Кейін Германияның жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнап, Еуропаның бірқатар клубтарында мансабын жалғастырды.

Ұқсас жаңалықтар

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік қақпашылары қатарына енді

Redaktor

Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі аталды

Redaktor

«Қайрат» алғашқы ұпайының арқасында қанша табыс тапты?

Redaktor