Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарСұхбатФутбол

Магомед Адиев: «Крылья Советовқа» бару – мансабымдағы ең дұрыс шешім болмады

Фото: ҚФФ

Ресейлік бапкер Магомед Адиев Самараның «Крылья Советов» клубын тізгіндеу мансабындағы ең сәтті шешім болмағанын айтты.

Маман 2025 жылдың маусым айында самаралық клубтың бас бапкері болып тағайындалған еді. Алайда 2026 жылдың 1 сәуірінде қызметінен босатылды. Адиевтің жетекшілігімен команда Ресей Премьер-лигасында 22 матч өткізіп, 5 жеңіс, 6 тең ойын және 11 жеңіліс тіркеді. Нәтижесінде ұжым 21 ұпай жинап, турнир кестесінің 13-орнында тұрған.

Адиевтің айтуынша, Самара клубындағы жұмыс жүйесі өзін таңғалдырған.

«Белгілі бір деңгейде бұл менің ең дұрыс шешімім болмады. Самараға барған соң, клубтағы басқару жүйесінің өте ерекше ұйымдастырылғанын түсіндім. Дегенмен, бапкерлер штабы жаман жұмыс атқарды деп ойламаймын. Командамен бірге Кубоктың жартылай финалына дейін жеттік. Тіпті өз алаңымызда ЦСКА клубымен финал жолдамасы үшін таласуға мүмкіндік болды»,- деді Адиев «РБ Спортқа» берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол қысқы дайындық кезінде құрамды күшейтіп, бәсекеге қабілетті команда жасақтағанын, бірақ жобаны соңына дейін аяқтауға мүмкіндік берілмегенін айтты.

«Клубтың ерекшелігі – басқару құрылымында. Онда шешім қабылдайтын адамдар тым көп», – деп түйіндеді маман.

Айта кетейік, Магомед Адиев ойыншылық мансабын аяқтаған соң бапкерлікке бет бұрды. Әр жылдары Анжи, Ахмат, Химки клубтарын жаттықтырды. Сондай-ақ Қазақстанда «Шахтёр» тізгінін ұстады.

Оның Қазақстан ұлттық футбол құрамасы сапындағы жұмысы ерекше аталады. Адиев жетекшілік еткен кезеңде ұлттық құрама Еуро-2024 іріктеуінде тарихи нәтижелердің бірін көрсетіп, жанкүйерлер сеніміне ие болды. Енді маман мансабын Беларусьтің «МЛ Витебск» клубында жалғастырады.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл кім «Қазақстан Барысы» атанады?

Redaktor

Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған журналистер арасында бильярдтан республикалық дәстүрлі турнир өтті

admin_beksports

Президент Михаил Шайдоровты марапаттады

Redaktor