Странджа кубогы халықаралық турнирінің үшінші жарыс күні аяқталды. София қаласында өтіп жатқан, бейресми түрде «кіші әлем чемпионаты» аталып кеткен беделді бәсекеде Қазақстан құрамасының 15 боксшысы ширек финалға жолдама алды.
1/8 финалда жеңіске жеткендер:
-
Жайна Шекербекова (54 кг)
-
Анель Сақыш (54 кг)
-
Элина Базарова (54 кг)
-
Мадина Нұршаева (70 кг)
-
Ұлжан Сарсенбек (57 кг)
-
Римма Волосенко (60 кг)
-
Виктория Графеева (60 кг)
-
Лаура Есенкелді (65 кг)
Аталған спортшылар 1/8 финалдан сәтті өтіп, жүлде үшін күресті жалғастырады.
Ширек финалдан бастап жарысқа қосылатын боксшылар:
-
Әйгерім Сәттібаева (48 кг)
-
Анель Құдайберген (48 кг)
-
Бақыт Сейдиш (70 кг)
-
Валентина Хальзова (75 кг)
-
Мария Сидоренко (75 кг)
-
Дина Исламбекова (80 кг жоғары)
-
Валерия Аксенова (80 кг жоғары)
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының бір өкілі финалға мерзімінен бұрын жолдама алды. Надежда Рябец (80 кг) шешуші жекпе-жекке шығып, кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етті.
Жалпы турнирге Қазақстан атынан 39 спортшы (19 ер, 20 әйел) қатысып жатыр. Бірқатар салмақ дәрежесінде ел намысын бірнеше боксшы қорғауда.
