Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарММА

Ешқашан ойламаған едім»: Шавкат Рахмоновтың ажырасқанынын хабарлады

Коллаж: Ozgeris.info

Қазақстандық танымал файтер Шавкат Рахмоновтың жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударған жазба жариялап, спортшымен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді. 

Гүлайым Рахмонова жазбасында балалар мәселесіне тоқталып, күйеуінің өз балаларынан бас тартқанын айтқан.

«Ешқашан осындай қамқор әке бір күнде өзгеріп, “балаларды енді алып келме” деп айтады деп ойламаппын. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім, қазір бесіншісін күтіп жүрмін. Егер балалар әкесіне керек болмаса, онда балаларға да ондай әке қажет емес», – деп жазды ол.

Қазіргі сәтте Шавкат Рахмоновтың өзі бұл мәлімдемеге қатысты ресми пікір білдіргені туралы ашық дереккөздерде ақпарат кездеспеді. Сондықтан әлеуметтік желідегі жазбада айтылған жайттарға қатысты екінші тараптың ұстанымы әзірге белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін Гүлайым Рахмонова 2025 жылғы шілдеде болған адам өліміне соқтырған жол апатына байланысты қоғам назарында болған еді. 2026 жылдың ақпан–наурыз айларында бұл іске қатысты сот процесі мен ақпараттар қазақстандық БАҚ-та жарияланды.

Қазір бұл тақырып әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Криштиану Роналду 1000 голына тағы бір қадам жақындады

Redaktor

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Redaktor

Олимпиадада Қазақстан туын ұстап шықпақ болған шорт-трекші Миланда ұятқа қалды

Redaktor