Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Қазақ баласы Бразилияда тарихи медаль жеңіп алды

Фото: Семсерлесу федерациясы

Бразилияда өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Нұрмұхаммед Жайлыбай жекелей сында қола жүлдеге ие болды.

Бұл – Қазақстан тарихында жекелей сындағы алғашқы медаль.

Бұған дейін қазақстандық спортшылар жүлдеге жақын болғанымен, тұғырға көтеріле алмаған еді. Атап айтқанда, Артём Саркисян мен Бақдәулет Құралбекұлы жүлдеден бір қадам жерде тоқтаған.

Нұрмұхаммед Жайлыбай жарыс барысында жоғары деңгейдегі шеберлік көрсетті. Жартылай финалда ол Еуропа чемпионы, рейтинг көшбасшысы түркиялық Yaman Furkanпен кездесіп, тартысты бәсекеде 13:15 есебімен есе жіберді.

Осы нәтижесінің арқасында Нұрмұхаммед Жайлыбай жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық семсерлесуші ретінде тарихқа енді.

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Боранбаев федерацияға оралды

Redaktor

«Томирис» жақында сәбилі болмақ». Актриса Альмира Тұрсын жүкті екенін жариялады

Redaktor

Журналистер тоғызқұмалақтан турнирге қатысады

Redaktor